Жексенбі, 13 Қыркүйек 2026
4423 0 пікір 5 Наурыз, 2018 сағат 09:13

Қырғыз үкіметі Өзбекстанмен шекарадағы 32 үйді сатып алған

Қырғыз үкіметі Өзбекстанмен шекарадағы "Достық" өткізу бекетін кеңейту үшін, сол маңдағы 32 үйді сатып алған, тағы үш үйдің иесімен соттасып жатыр. Осылай деп вице-премьер-министр Дайыр Кенекеев мәлімдеді.

Оның айтуынша, үкімет басшысы Сапар Исаков өткізу бекеттерін кеңейту жұмыстарын тездету керек деп тапсырған.

2018 жылдың ақпан айынан бері Ош облысындағы "Достық" шекара өткізу бекетінде ұзын-сонар кезек көбейген. Мұны шекара қызметі тауар айналымының артқанымен түсіндіреді.

Қырғызстан шекара қызметінің мәліметі бойынша, "Достық" бекетінде қаңтар айынан бері 10 кабина (бесеуі Қырғызстаннан шығушылар үшін, бесеуі кірушілер үшін) жұмыс істейді. Бекеттен тәулігіне кемінде 7 мың адам өтеді екен. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда бір жарым есеге артқан.

2017 жылдың қыркүйек айынан бері Өзбекстан Қырғызстанмен шекарадағы жеті жылдан бергі барлық шектеулерді жойды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1146
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2678
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 792
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 761