Сейсенбі, 15 Қыркүйек 2026
4469 0 пікір 5 Наурыз, 2018 сағат 09:18

Словакияда журналист өлімі билікті тығырыққа тіреді

AppleMark

Словакия президенті Андрей Киска журналист Ян Куциактың өлімінен кейін, билікте болып жатқан дағдарысқа байланысты үкімет құрамын өзгертуді не мерзімінен бұрын парламент сайлауын өткізуді талап етті. Ол бұл мәлімдемесін теледидар арқылы жолдады.

Президент Словакия үкіметін "зор көкірек" деп айыптады. Ол биліктің халыққа сенімін қалпына келтіру үшін, үкіметтің қандай саяси шешімдер қабылдайтынын бір апта күткенін жеткізді. Бірақ ол ешқандай ұсыныстар естімеген. "Кейбірі отставкаға кетті, бірақ мен халық сенімін туғызатын ешқандай жоспар көріп тұрған жоқпын", - деп атап өтті президент.

Журналист Ян Куциакты 25 ақпанда құрбысымен бірге Братиславадан 65 шақырым жердегі үйінде өлтіріп кеткен. Бір аптадан кейін Словакияның мәдениет министрі Марек Мадарич отставкаға кетті. "Мен мәдениет министрі ретінде, журналисті өлтіріп жатқанда, қарап отыра алмаймын", – деп мәлімдеген Мадарич.

Журналистің өлімінің себебі әлі анықталмады. Бірақ оның әріптестерінің сөздеріне қарағанда, Ян Куциакты кәсіби қызметіне байланысты өлтірген. Журналист италиялық мафияның Словакия үкіметіне ықпалын зерттеген. Атап айтқанда, ол премьер-министр Роберт Фицоның маңайындағы адамдардың мафиялық топқа жататын италиялық кәсіпкерлермен тығыз байланыста екенін ашқан.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1177
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2702
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 824
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 795