Сәрсенбі, 30 Қазан 2024
4147 86 пікір 5 Наурыз, 2018 сағат 11:07

Жолдау жарқын жаққа жетелейді

Үстіміздегі жылдың қаңтар айында жарияланған Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың кезекті Жолдауы кім-кімді де бей-жай қалдырмағаны анық. Жиырма жеті жылдық тарихы бар еліміздің күннен күнге көркеюі, халықтың әлеуетінің жақсыруы, экономиканың тұрақталуы кемеңгер көшбасшының кемел келешекке жетелейтін жоспарының, мақсатының арқасында. Кеше ғана Елордасы Астанада екі жүзден астам ел өкілдерінің басын біріктірген «ЭКСПО-2017» көрмесі осыған дәлел.

Әрине тыңдалмаған сөз жетім, қолдауы болмаған басшы жетім. Бұл жетістістік дүйім жұрттікі, жабыла көтерген жүктің жеңіл келетіні де бар. Сол секілді ауызбіршілігі мол халықтың мұндай биікке көтеріліп, көкке самғамауы мүмкін емес. Бұл осы уақытқа дейін атқарылған істің жемісі деп білеміз. Алда бізді, қазақстандықтарды, тағы бір маңызды мәселе күтіп тұр. Ол - Елбасы тапсырмасы, еліміздің өркендеу жоспары, яғни Жолдаудағы қозғалған мәселенің іске асуына әрбір азамат өз үлесін қосқаны абзал.

Биылғы жолдау төртінші өнеркәсіптік революция әлеміне бейімделуді талап етеді. Атап айтқанда, алдымен индустрияландыру мен жаңа технологияны пайдаланудың көшбасшысына айналу керектігі сөз болды. Өндіріс орындарында заманауи технологияларды орнату арқылы аз шығынмен көп өнім шығаруға болады. Екінші кезекте табиғи қуат көзін тиімді пайдалану керектігі, үшінші орында агроөнеркәсіп саласын қайта қолға алу мәселесі қаралды. Сондай-ақ Елбасы Жолдауда білім беру саласының сапасын арттыру қажеттігіне жыл сайынғыдай ерекше ден қойды. Алпауыт елдермен қатар тұрып, дамыған мемлекеттермен тереземіз тең болуы үшін бұл заманда тек біліммен жарыса аламыз. Өз тарапымыздан бәсекеге қабілетті бала тәрбиелеп, жаңа технологиямен жабдықталған ғимаратта жаңаша бағытта білім нәрін бала бойына сіңіріп жатқандығымыз қуантады.

«Білімді мыңды жығатыны» техника мен технология заманында қайта дәлелденіп жатыр. Біз өскелең ұрпақты, елдің ертеңі жастарды ерінбей еңбектенуге, білім алу жолында аянбай тер төгуге шақырамыз. Осы орайда ұстаздардың абыройын көтеріп, еңбегінің еленуіне, оқушы, қоғам алдында мұғалім үстемдігін арттыруды насихаттаймыз. Елбасының ақпараттық технология саласындағы мамандар санын көбейту керектігіне тоқталғаны, бүгінгінің жас IT мамандарына қуаныш сыйлағаны рас. Қиындығы мен жеңісі қатар жүретін бұл маман иелеріне біз де мол сеніммен қараймыз.

Ал Елбасының Жолдауын барлығымыз бірауыздан қолдап, өзімізге тиесілі сәттерін қалт жібермей, орындайтынымызды жеткізгім келеді.

Гүлнұр Ережепқызы

№ 10 "Білім-инновация" лицей-интернатының директоры

Қызылорда қаласы

Abai.kz

86 пікір