Сәрсенбі, 30 Қазан 2024
4019 0 пікір 5 Наурыз, 2018 сағат 12:37

«Тастөбе Агрофуд» шаруашылығының сүтіне деген сұраныс жоғары

Алматы облысның әкімі А. Баталов тұрғындар алдындағы есепті жиында облыста әрқайсысы 100 басқа арналған 350 отбасылық сүт-тауарлы фермасы құрылса, соның 50-і 2018 жылға жоспарланғанын, соның арқасында биылғы жылы сүт өндіру 3 есеге дейін өсіп, өңдеу деңгейі 43%-ке жететінін, және сүт зауыттарының жүктемесін толық қамтуға мүмкіндік болатынын айтқан еді. Бүгінде Талдықорғандағы «JLC Сүт » сүт зауытын шикізатпен қамтуға үлес қосып отырған Қаратал ауданындағы «Тастөбе Агрофуд» ЖШС-ның жұмысы соның бір айғағындай.  

2015 жылдан бері іске қосылған серіктестіктің иелігінде бүгінде 700-дей асыл тұқымды ірі қара бар. Мұндағы 410 аналық бастан тәулігіне 6 тоннадан астам сүт алынады. Мұндағы сүт майлылығының үлесі жоғары деңгейде, яғни 4,3 пайызды құрайды. Сондықтан да болар, шаруашылық сүтіне деген сұрасын жоғары.

ЖШС жетекшісі Шыңғыс Ахметовтің айтуынша, цифрландыру талабына орай мұнда жұмыстың дені автоматтандырылған жүйеде атқарылады. Мұндағы әр сауыншы неміс технологиясымен бір мезетте арнайы аппараттардың көмегімен 24 сиыр сауа алады және мал мен жалпы жұмыс процесінің барлық деректері «Dairy plan» жүйесінде сақталады. Шаруашылықта 65 адам жұмыс істесе, бүгінде дейін жұмысшыларға арнап серіктестік базасында 15 тұрғын үй салған.

Атап өтсек, алдағы уақытта ірі қара басын тағы 500-ге көбейтіп, жұмысшылар санын арттыруды да жоспарланып отыр.

Сағыныш Намазшамова

Abai.kz

0 пікір