Дүйсенбі, 14 Қыркүйек 2026
5096 35 пікір 5 Наурыз, 2018 сағат 12:49

Президент 2022 жылға дейін студенттер жатақханасы тапшылығын жоюды тапсырды

Елбасы елімізде студенттер жатақханасы тапшылығын жоюды тапсырды. Бұл туралы ол Астанада өтіп жатқан Қазақстан Парламенті палаталарының біріккен отырысында мәлімдеді.

"Әлемдік стандарттар бойынша білім алу жүйесін құруда бізге оқу жағдайына, студенттердің тұрғын орнына назар аудару қажет. Өздеріңіз білесіздер, шеттерден келетіндер қаланың шетіндегі ескі ғимараттарды жалдап, содан зардап шегіп жатады. Мұндайда, әрине, сапалы білім алу туралы айтудың да қажеті жоқ. Бүгінде студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету мәселесі көтеріліп отыр. Бұл міндетті шешу үшін ЖОО-лар, колледждер және девелопер-компаниялар мемлекеттік-жекеменшік серіктестік принципі бойынша жаақхана құрылысын бастауы қажет", - деді Елбасы.

Сонымен қатар, Назарбаев Мемлекет өз тарапынан білім және ғылым министрлігі арқылы инвестицияның бір бөлігі жатақхана құрылысына бөлінуіне кепіл болатынын мәлімдеді.

"2022 жылдың соңына дейін 75 мың орындық жаңа студенттік жатақханалар. Бұл алдағы жылдардағы тұтыну мөлшері көбеюін есепке алғанның өзінде мәселені толықтай шешуге мүмкіндік береді", - деді ҚР Президенті.

Abai.kz

35 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1150
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2683
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 799
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 770