Сейсенбі, 15 Қыркүйек 2026
4712 1 пікір 7 Наурыз, 2018 сағат 09:10

Қырғыз президенті жұмысына туыстарын араластырмаймын деп уәде берді

Қырғызстан президенті Сооробай Жээнбеков БАҚ басшыларымен кездесу кезінде өзінің туыстары мемлекет басшысының жұмысына араласпайтын болады деді.

Оның сөздерінше, көбі мемлекеттік лауазымды қызметке туыстарын тағайындайды ма деп қорқады. Атап айтқанда өзінің кіші бауыры Асылбек Жээнбековке қатысты көп сөз ереді дейді.

"Олар өздерінің жұмыстарын жақсы жүргізіп жатыр. Мен Ақаев пен Бакиевтің тағдырларының қалай болғанын көрдім. Мен алты жылдан кейін басымды көтеріп, адамдармен еркін кездескім келеді", - деді ол.

Асылбек Жээнбеков парламент спикері болған. Бірақ Сооронбай Жээнбеков премьер-министрлікке ұсынылған кезде, ол қызметінен кеткен. Кейін Социал демократиялық партия Сооронбай Жээнбековті президенттікке ұсынды. Қазір Асылбек Жээнбеков - парламент депутаты.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1181
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2709
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 826
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 799