Сәрсенбі, 16 Қыркүйек 2026
4450 0 пікір 14 Наурыз, 2018 сағат 09:01

Тәжікстан отандық және шетел фильмдеріндегі эротикалық көріністірді кесіп тастайды

"Тәжікфильм" киностудиясы отандық және шетел фильмдеріндегі барлық эротикалық және интим көріністерін ел аумағында көрсетпей тұрып кесіп тастауды ұсынды.

Киностудиядағы дереккөздің хабарлауынша, "Тәжікфильмнің" жаңа жарғысында арнайы пункт бар. Құжатқа сәйкес, енді "Тәжікфильм" фильм шығарып қана қоймай, басқа да фильмдердегі ашық көріністерді алып тастап отырады.

Киноның талапқа сай екенін бағалайтын арнайы алқа құрылады. Оған түрлі кәсіп өкілдері кіреді. Барлық фильмдер мораль талаптарына сай екені тексеріледі.

Жақында отандық және шетел фильмдері Тәжікстан аумағында осы алқа мүшелерінің мақұлдауынан соң ғана көрсетіледі.

Кеңес беру алқасы авторлық құқықтың сақталуын да қадағалап отырады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1232
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2759
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 888
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 837