Сәрсенбі, 16 Қыркүйек 2026
4582 1 пікір 14 Наурыз, 2018 сағат 09:04

Өзбекстан еңбек миграциясы географиясын кеңейтеді

Өзбекстан өз елінің еңбек мигранттарын Германия, Қазақстан және Оман сұлтандығына орналастыруды ұйымдастыру мәселесін қарастырып жатыр.

Сыртқы еңбек миграциясы мәселелері жөніндегі агенттік басшысы Равшан Ибрагимовтың айтуынша, Өзбекстан жаймендеп еңбек миграциясы саласында халықаралық әріптестік географиясын кеңейтіп отыр.

"Бұған дейін Оңтүстік Корея, Ресей, Жапония және Польша секілді елдерде жұмыс ұйымдастыру жүргізілді. Қазір Біріккен Араб Әмірліктерінде осындай жұмыс атқарылып жатыр. Бұған қоса агенттік Германия, Қазақстан және Оман сұлтандығымен еңбек миграциясы саласында әріптестік орнатып отыр", - деді ол.

Өткен дүйсенбі күні алғаш рет өзбек мигранттарын Түркияға жұмысқа жіберу ұйымдастырылды. Сонымен бірге агенттік биыл Ресейге ресми түрде 50 мың мигрант жібереді.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1232
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2759
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 888
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 837