Сенбі, 19 Қыркүйек 2026
3929 0 пікір 15 Наурыз, 2018 сағат 09:02

Қырғыз үкіметі қытайлық "Ақылды қаладан" бас тартты

Қырғызстан үкіметі "Ақылды қала" инвестициялық жобасынан бас тартып, мұны өз күштерімен жүзеге асыруға ниетті екенін мәлімдеді.

«Инвесторлар алдын ала келісімге сәйкест құжаттарды мерзімінен кеш әрі сапасыз дайындаған», - деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі.

Ондағы мәліметке сәйкес, дайындық жұмысы кезінде инвесторлар қырғыз үкіметінің техникалық талаптарын орындамаған. Сонымен бірге тараптар бірқатар техникалық сұрақтар бойынша ортақ шешімге келе алмаған.

«Қазіргі кезде қырғыз үкіметі өз күшімен, халықаралық донорлардың және бизнес-секторлардың қолдауымен "Ақылды қала" жобасын жүзеге асыруға тырысып жатыр», - делінген хабарламада.

2018 жылдың 11 қаңтарында Қырғызстан Қытайдың Huawei Technologies компаниясымен «Ақылды қала» жобасы бойынша келісімге келген. Жалпы құны 60 млн долларға елдің екі ірі қаласындағы тас жолдарға толығымен видео бақылау жүйесі орнатылу керек болған.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1331
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2905
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 987
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 917