Сенбі, 23 Қараша 2024
2864 0 пікір 16 Наурыз, 2018 сағат 09:20

Тәжікстан "терроризмге қатысы бар азаматтардың" тізімін жасады

Атовуллоев пен Кабири

Тәжікстанның Ұлттық банкі терроризмге қатысы бар тұлғалардың тізімін жасады. Бұл тізімде 1 мың 372 тәжік азаматы бар.

Тәжікстан Ұлттық банкінің ресми сайтында терроризмге қатысы бар төрт түрлі тізім жарияланған: екеуі БҰҰ резолюциясына тап келетін, атап айтқанда Талибан және Әл-Каида, халықаралық тізім және екі ұлттық тізім.

Ұлттық банктің қаржы мониторингі департаменті терроризмді қаржыландыру және көлеңкелі ақшаны заңдастыруға қарсы халықаралық талаптар енгізетін ұйым FATF-пен (Financial Action Task Force) тығыз байланыста.

Тәжікстан тарабы дайындаған "қара тізімде" бұл елде тыйым салынған Исламның жаңғыруы партиясының төрағасы Мухиддин Кабири мен оның отбасы және туыстары енген.

Мухиддин Кабири кешеге дейін Интерпол желісі бойынша іздеуде болған. Екі апта бұрын Интерпол Кабириді тізімнен шығарғанын мәлімдеді.

Терроризмге қатысы бар деген тізімде Дододжон Атовуллоев пен «24 тобы» мүшелері де бар. Дододжон Атовуллоев үнемі Тәжікстан билігінің әрекеттерін сынға алатын оппозициялық тұлға.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1475
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3249
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5454