Жұма, 18 Қыркүйек 2026
4330 0 пікір 16 Наурыз, 2018 сағат 09:22

Наурызға дайындалу үшін жүздеген қызметкер Ашхабадқа өз есебімен барған

Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедовтің "Наурыз мейрамын жоғары деңгейде атап өту жөніндегі" жарлығынан кейін, Ашхабадқа дайындық жұмысына аймақтардан 800 адам шақырылған.

"Әрбір уәлаяттан Ашхабадқа мейрам қарсаңында дайындық жұмыстарын жүргізу үшін 150 адам келді. Дашогуз және Балканнан көбі пойызбен келді", - дейді Ашхабад шолушысы Аманмырат Бугаев.

Мейрамға дайындық жұмыстары астанадан 20 шақырым жердегі "Ахал яйласы" алаңында өтіп жатыр екен. Осы жерде Наурыз мейрамы аталып өтпек.

Азатлык дереккөзіне қарағанда, бұл жерде арнайы тағайындалған режиссердің жетекшілігімен бір апта бойы дайындық жұмыстары жүріп жатыр.

Ал дайындыққа қатысушылар барлық шығынды өз қалталарынан шығарып жатыр екен. Қатысушылардың бірі Азатлыкқа астанадан тек жататын орын ғана тегін ұсынғанын, қалған жол, тамақ шығынның бәрін өздерінің төлеп жатқанын айтады.

"Біз пойызға билетті өзіміз сатып алдық. Бізге Ашхабадтан келгеннен кейін, шығынды өтеп береміз деді. Бірақ мұнда келгендердің 35-40 пайызы әлі күнге дейін ақпан айының айлығын алған жоқ. Басқа амал жоқ, жұмыстан айырылып қалмас үшін, талапты орындауымыз керек", - дейді өзін Айболек деп таныстырған мәдениет саласының өкілі.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1292
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2848
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 946
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 886