Бейсенбі, 17 Қыркүйек 2026
3867 1 пікір 20 Наурыз, 2018 сағат 12:47

Бішкекте өртенген Ботаникалық бақ сөндірілді

Бішкекте Ботаникалық бақ өртеніп, дер кезінде сөндірілген. Осылай деп Қырғызстанның төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз хатшысы Эльмира Шерипова хабарлайды.

Бішкекте Каралаев көшесінің бойында орналасқан Ботаникалық бақ 19 наурызда кешкі сағат 19:21 шамасында толық сөндірілген. Өрт қатты болмаған.

Интернетте бақ аумағынан түтін шығып жатқан видео кеңінен таралған еді. Қай аумағы өртенгені, өрттің неден шыққаны жөнінде толық ақпарат берілмеді.

Бішкектегі Ботаникалық бақ тарихи, мәдени және архитектуралық ескерткіш болып саналады. Бақ толығымен мемлекеттің қорғауында. 1938 жылы ашылған тәлімбақта 5,5 мыңнан аса түрлі тал, өсімдік және гүлдің түрлері бар.

2017 жылы шөптердің құрғап кетуіне байланысты бақ аумағында бірнеше рет өрт болған.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1257
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2788
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 908
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 854