Сәрсенбі, 30 Қазан 2024
Жаңалықтар 2866 0 пікір 21 Қаңтар, 2011 сағат 08:19

Смағұл Сәдуақасовтың мәйітінің күлі Астанаға жеткізілді

Бүгін, қаңтардың 21-і күні таңғы сағат 7:15-те «Мәскеу - Астана» бағытындағы №874 ұшақпен Алаштың біртуар азаматы, мемлекет және қоғам қайраткері Смағұл Сәдуақасовтың мәйітінің күлі елордаға жеткізілді.

Осыған орай әуежай ғимаратында қаралы жиын өтіп мәйтінің күлі елге оралған Смағұл Сәдуақасұлының әруағына құран бағышталды. Ақындар жыр жолдарын арнап, ғалымдар жылы естеліктер айтты. «Бүгінгі біздің Тәуелсіздігіміз ол - Смағұл Сәдуақасов сияқты ел азаматтары атқарған еңбектің әділ бағасы. Оның сүйегі христиан қорымында жатты. Бұл біздің ғұрпымызға қайшы. Сондықтан біз Смағұл Сәдуақасовтың сүйегінің күлін оның өзі аңсаған Тәуелсіз Қазақстанның елордасы - Астана қаласына жеткізіп отырмыз. Бұл - халықтың арманы. Ендігі міндет - біз Смағұлдың еңбектерін оқып, Смағұлды тағы парықтауымыз қажет. Астана Смағұлды танитын, Смағұлмен мақтанатын елорда болады деп сенемін», - деді өз сөзінде бастамшыл тобының өкілі, профессор Дихан Қамзабекұлы. Осыдан кейін Смағұл Сәдуақасовтың мәйітінің күлі қойылған кортеж Тәуелсіздік даңғылының бойымен өтті.

Астана қаласының Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің бас имамы Бақтыбай Бейсенбаевтың хабарлауынша, жерлеу орны анықталғанша, Смағұл Сәдуақасовтың мәйітінің күлі осы мешіттің арнайы бөлмесінде сақталады. «Мәйіт күлін жерлеу орны анықталғаннан кейін, оған дұға оқылып, мұсылманша жерлеу рәсімі өткізіледі», - дейді Б.Бейсенбаев.

Айта кетейік, жақында Астана қаласының бір топ ғалымдары Мәскеу жанындағы Дон зиратының ғимаратында арнайы ыдыста сақталып келген Смағұл Сәдуақасовтың мәйітінің күлін туған жеріне қайтару мәселесін көтерген болатын. Енді, міне, араға 77 жыл салып, «Елім!» деп еңіреп өткен қазақ жастарының көшбасшысы, 25 жасында Қазақ КСР-ның Оқу-ағарту министрі болған азамат, Голощекиннің геноцидіне қарсы шығып, опат болған Смағұл Сәдуақасовтың сүйегі туған жері - Қазақ даласына жеткізіліп отыр.

«inform.kz» cайты

0 пікір