Жұма, 22 Қараша 2024
46 - сөз 5256 1 пікір 28 Наурыз, 2018 сағат 08:28

ХІ ғасырда өмір сүріп жатқан сияқтымыз

Біз өзі қай ғасырда өмір сүріп жатырмыз? ХІ әлде ХХІ? Қоғамдағы кей әрекетке қарасам, ХІ ғасыр сияқты. Біреу үш жеңіл жүрісті қызды қамшымен сабап, үш жүзге үлгі көрсеткісі келеді, енді бірі өзге ұлтқа тұрмысқа шыққан қызды видеоға түсіріп, дүйім жұрттың алдында масқараламақ болады.

Иә, жезөкшелік ұлттық трагедия, өзге ұлтқа қазақ қызының тұрмысқа шығуы да дәл сондай. Екеуі де ұлт ертеңі үшін аса қауіпті. Алайда мәселені өркениетті заманда "ортағасырлық әдіспен" шешемін деу одан да қауіпті! Ал, көшеге шығып үш қызды "шешеден" боқтап, майлы жерден тартып жібердің дейік. Не өзгерді? Дәнеме де! Ал өзге ұлтпен қолұстасқан қазақ қызын жерден алып, жерге салдың делік. Не өзгерді? Дәнеме де!

Мәселемен күресуде нәтиже болмаса демек әдісің яки тәсілің қате деген сөз. Өркениетті дәуірде ешбір мемлекет бұлай күреспейді. Адамның құқығы мен арын таптау арқылы күресу, күрес емес - қылмыс.

Иә, жезөкшеліктің де, өзге ұлтқа кетудің де өткір мәселе екенін айттық. Ендеше ол мәселемен қамшымен майлы жерден тартып қалу арқылы емес, миды ұлттық сананы серпілтетін ұлттық идеология арқылы күресу керек. Қолға камера, не қамшы алып емес, мемлекеттік деңгейдегі шынайы бағдарламалар қабылдап, жыртың-жыртың еткен әншісымақтардың жалаңаш клиптерін азайтып, құнды қазақи дүниелерді көбейтіп деген сынды. Өркениетті жолмен, толықтай қоғамдық сананы қамтитын әдіспен.

Бірақ біздің қоғамда ондай әдісті қолдамайтындар жетерлік. Оларға ұру, соғу, өлтіру, айыптау эффективті көрінеді. Бір күндік эффектіге сенім артады. Өмірдегі бар қиыншылығын қазақ қызынан көретін, не бар сәтсіздігін қазақ жігітіне жаба салатындарға ондай әдіс майдай жағады. Оны жоғарғы жақтағы шенділерден бастап, төменгі таптағы батырсымақтарға дейін жақсы меңгерген. Өз аудиториясына өз рөлін тамаша сомдайды.

Әкім қоғамдық көлікпен екі күн жүрсе, аяғына етік киіп су басқан ауылға екі сағатқа барса, бір күн жұмысына шайтанарбаны шиқылдата теуіп жетсе, бір мәрте мәжілісте барлығы қазақша сөйлесе қоғамның жартысы мәселенің оңды шешіліп жатыр деген манипуляциясына мәз болады.

Шындығында бәрі көз бояу, алдау, арбау! Қамшымен ұру да, камераға түсіру де тура сондай. Маған десең дүре соқ, бірақ тәнін сатқан қыз сата бермек, маған десең он камерамен түсір, өзге ұлтқа тиген қыз саны азаймайды. Өйткені сен мәселемен күреспедің, тек халықтың көргісі келген эмоциялық әсерін көрсеттің. Бітті! Бұл әдісті көргенде ұяттың өзі ұятменнен ұялған шығар. Мәселемен өркениетті тәсіл арқылы күресейікші!

Асхат Қасенғали

Facebook-тегі парақшасынан

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1463
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5321