Сәрсенбі, 2 Сәуір 2025
4093 1 пікір 2 Сәуір, 2018 сағат 09:31

Ресей полицейі оғынан өзбек мигранты бір бүйрегінен айырылды

27 жастағы Самарқан тумасы Атхамбек Мәскеудің Новогиреево ауданындағы клиникалық ауруханаға ішіне оқ тиіп түскен. Полиция өзбектің жас мигрантын көлік аккумуляторын ұрлаумен айналысты деп айыптайды.

Тергеу ісіндегі дереккөздің хабарлауынша, полиция Атхамбекті және екі жолдасын көлік аккумуляторын ұрлаумен айналысты деп айыптайды.

Бірақ Атхамбек пен оның адвокаты құқық қорғау органдары таққан айыптар негізсіз дейді. Атхамбек жақын достарымен сөйлесіп тұрғанда, полиция шабуылына тап болғанын айтады.

"Мен ешқандай қарсылық көрсетпедім – олардың қолдарында тапанша болды. Егер мен қарсылық білдірсем, олар менің аяғыма немесе қолыма оқ атар еді ғой. Мен ешнәрсе ұрламадым. Мәскеуде пәтерлерді жөндеу жұмыстарымен айналысамын. Ақшаны адал еңбегіммен табамын", – деді Атхамбек.

Оның адвокаты Шухрат Хамракуловтың айтуынша, полиция қызметкерлері қаруды ескертусіз қолданған. Нәтижесінде оқ Атхамбектің ішін тесіп өткен.

"Білуімше, полиция оны ұстау кезінде қару қолданған. Оқ Атхамбектің бүйрегіне тиген. Оған операция жасап, бүйрегін алып тастады. Тергеу комитеті бұл істі жіті тексеріп, қару қолданғандар жазасын алады деп үміттенемін", – деді Шухрат Хамракулов.

Мәлім болғандай, полиция қызметкерлері Атхамбекті тергеу абақтысының ауруханасына алып кеткен.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Азамат

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 620
Болған оқиға

Тілендиев неге Таразидың құлағын қыршып алды?

Төреғали Тәшенов 2630
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 2438
Алтын Орда

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 1514