Жұма, 22 Қараша 2024
3307 0 пікір 2 Сәуір, 2018 сағат 09:36

Тәжік әуе компаниясы Ресей қалаларына ұшақты тоқтатуға мәжбүр

«Сомон Эйр» әуе компаниясы жолаушыларға 2 сәуірден бастап Душанбе және Худжанд қаласынан Ресейдің 7 қаласына ұшпайтынын хабарлады.

Әуе компания мұны Ресей авиациясы жолдаған телеграммаға сәйкес мәжбүрлі шара деп атады.

«Сомон Эйр» мәліметінше, тізімге Ресейдің жеті қаласы - Екатеринбург, Иркутск, Қазан, Краснодар, Красноярск, Санкт-Петербург және Сочи кірген. Мұнан бөлек сәуір айының басында Худжандтан Мәскеуге қатынайтын ұшақ та тоқтайды.

«Ресейдің көлік министрлігі тәжік әуе тасымалдаушыларға тиісті бағыттар бойынша ұшуға рұқсат бермейді. Себебі Тәжікстан «Уральские авиалинии» компаниясының сұранымын қанағаттандырған жоқ» делінген телеграммада.

Алайда Душанбе-Мәскеу-Душанбе, Душанбе-Новосибирск-Душанбе, Худжанд-Новосибирск-Худжанд, Худжанд-Краснодар-Худжанд және Куляб-Москва-Куляб бағытындағы рейстер кестеге сәйкес ұша береді. Әуе компания барлық жолаушыларға сатып алған билеттерінің құны қайтарылады деп хабарлады.

Ресей мен Тәжікстан әуе қатынасындағы кикілжің 12 наурызда тәжік тарабы «Уральские авиалинии» компаниясының Пермьнен Душанбеге қатынайтын ұшағын қабылдамағаннан кейін басталды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1463
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5321