Жұма, 22 Қараша 2024
46 - сөз 5719 6 пікір 2 Сәуір, 2018 сағат 10:02

Қытай қысымы жайлы...

Қытай қысым дәл қазір өте қызу талқыланатын тақырыптардың бірі. Қытайда 9 күн тұрып, осыдан 10 күн бұрын оралдым. Шинжияң өлкесінің (қысым қатты болып тұрған ұлттық аумақ) орталығы Үрімжі қаласына бір күн ғана аялдадық. Шаруамыз ішкі қытайда болды да сол жаққа аттанып, 8 күн қонып қайттық. Жыжияң өлкесінің И ҰУ деген кішкентай қаласында болдық.

Ол жақ тыныш екен, жалпы ішкі Қытай мүлдем тыныш, енді ше адамдары қазақ пен ұйғырды өмірлерінде бірнеше рет қана көреді ғой. Тек істің адамдары екен, біз барған қаланың xалқы. Әркім өз шаруасымен қарбалас, клиентті құдасындай сыйлайды, кішіпейілдігімен іші бауырыңа кіреді. И ҰУ қаласы қытайдың ең үлкен xалықаралық сауда орталықтарының бірі, ол туралы сіздерге қызық болса келесіде жазайын.

Жә, Үрімжіге оралайық! Үрімжі әуежайына келіп түскен бойда кеден қызметкерлері қарсы алатыны белгілі ғой, менімен бірге барған Қазақстанда туып өскен жергілікті 3 кісіні көп бөгемеді, әдеттегідей кедендік рәсімдерін өтеген соң жіберді, кезек маған келгенде паспортымдағы туылған жері Сhina деген жазуды көре сала, шашын қырыққан қараторы қыз бетіме жалт қарады да:

- Қытай азаматтығынан қашан бас тарттыңыз?

- 2003 жылы.

- Қытай азаматтығы күшін жойғандығы жайлы анықтамаңыз бар ма?

- Жоқ.

- Неге жоқ, азаматтықтан бас тартқаныңыз рас па?

- Әрине рас, ол кезде ондай анықтама берілмейтін, оның қажеті де болмады ...
...
Ары қарай қырықпа шашты қыз тағы бір ер әріптесін шақырды, ол мені шетке қарай жүруімді өтінді, ол жерден мені бір ұйғұр және бір қазақ жігіт күтіп тұр екен, әңгімені солармен жалғадым, қысқасы "Анықтама неге жоқ, визаны қалай аштың, мұнда туысқаның бар ма? Не мақсатпен жүрсің? Бұрынғы қытай құжатыңдағы аты жөнің мен мекен жайың қандай?" деген сияқты сұрақтар төңірегінде болды. Соткаларында арнайы қосымша орнатылған екен, бет әлпетіңді сканерлеп тексереді екен. Қазақстан азаматтығын алғаннан кейін де Қытайдың екінші буын удостоврениесін жасатқан болсаң сканерлегенде анықталады екен... Сонымен қойшы әйтеу барлық дерегімді жазып алды да жіберді.

Ішкі Қытайға барып қайта кеденнен өтерде тағы осыған ұқсас көрініс пен осыған ұқсас сұрақтар қайта басталды... Біраз бөгеген соң жіберді.

Ең бастысы менен талап еткені қытай азаматтығының күшін жойғаны жайлы анықтама, енді мұнысын қате дей алмаймын. Бұрын мұндайды тексермегесін енді білініп жатыр ғой. Шындығын айтуымыз керек, Қазақстан азаматтығымен қоса қытай удостоврениесін де ұстап жүрген қандастар өте көп болды, көп асқанға бір тосқан, қос азаматтыққа әлемде ешқандай ел жол бермейді. Қазақстанға келіп тұрақты тіркеу (жасыл карта) алып екі ел арасында визасыз шауып жүргендер қаншама еді баяғыда. Мойындауымыз керек заң бұзу жағынан пәк емес едік, пәгіңіз не белден бастық кезінде, енді осының бәрін қатаң тексеріп жатыр.

Қазіргі саяси қысымның себебі осы заңбұзушылықтардың кесірі деп кесіп айтуға да келмейді, жіптің бір ұшында үлкен саясат жатқан да шығар...

Жіберген қателіктерімізді де мойындай білсек, қатемізді танып, сабақ ала білейік, мұныммен Қытай билігінің ұлтымызға жасаған қиянатын ақтағаным емес, қордалы мәселенің 1 пайызын ғана өзімше безбенге салғаным деп білесіздер!

Сержан Қасен

Facebook-тегі парақшасынан

6 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1463
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5321