Сейсенбі, 26 Қараша 2024
Күбіртке 4348 0 пікір 2 Сәуір, 2018 сағат 18:05

Талдықорғандағы әскери қызметшінің өліміне қатысты тергеу ісі жалғасуда

Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлігінің ресми сайтында 31 наурыз күні Алматы облыстық қорғаныс істері департаментінде әскери қызметші өзінің әріптесіне оқ атты деп жариялаған болатын.

Жергілікті ақпарат құралдарының мәліметінше оқиға шамаммен 31 наурыз күні таңғы 8 дер шамасында болған. 1971 жылы дүниеге келген шақыру комиссиясы бастығының орынбасары Оспанов Асқар Советханұлы өзінің қызметтік қаруынан қорғаныс бастығы Беристенов Бердібек Бекжасарұлын атып өлтірген.

«Болған жағдай туралы растаймыз. Істің нақты мән-жайы туралы министрлікке арнайы хатпен шығу арқылы жауап ала аласыздар. Әзірге аталған оқиғаға қатысты тиісті құзырлы орган қызметкерлері өз жұмыстарын жүргізуде», - деді облыстық қорғаныс істері департаментінің баспасөз хатшысы Жанар Амиржанова.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1533
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3313
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 6006