Өзбекстанда мұғалімдерді шырша көшеттерін қымбатқа сатып алуға мәжбүрлеген
Өзбекстанның Әндіжан облысы Боз ауданындағы мектеп мұғалімдері мектепке отырғызылатын шырша көшеттерін аудан әкімдігі қымбат бағамен мәжбүрлеп сатып жатқанына шағымданды. Облыс әкімдігі Боз ауданына 300 шырша көшетін бөлген.
Аудандағы мектептердің бірінде жұмыс істейтін мұғалімнің айтуынша, ұстаздарға шырша көшетін 20 мың сумнан (шамамен 2,5 доллар) мәжбүрлеп сатып жатыр, ал оның базардағы бағасы - бар болғаны 3 мың сум.
"Біздің мектепке шырша көшетін алып келді. Директор жиналыс өткізіп, әрбір мұғалімге екі көшеттен алуды бұйырды. Ақша айлықтан ұсталады. Біз директорды түсінеміз, ол бұйрықты орындайды. Бірақ үш мың сумның затын 20 сумға сатқаны қиналтады", – деп шағымданды ұстаз.
Басқа бір мектептің мұғалімі әріптесінің сөздерін растады. "Жергілікті билік мектеп ауласын көгалдандыруға ақша бөлмейді. Біздің директор бұл іспен мектеп қызметкерлері айналысуы керек дейді. Бірақ біз аудан әкімдігі бөлген көшетті ғана алуымыз қажет екен", - дейді мұғалім.
Әндіжандағы дереккөз мәліметіне қарағанда, облыс әкімдігі Боз ауданына 300 шырша көшетін бөлген.
Өткен жылы Хорезм облысы Шават ауданында мектеп ұстаздарына шырша көшетін мәжбүрлеп сатқан, бірақ олар күзде қурап қалды. Сол кезде мұғалімдер қураған көшетті жасылға бояу үшін тағы да ақша жинауға мәжбүр болған.
Abai.kz