Сенбі, 23 Қараша 2024
4205 0 пікір 4 Сәуір, 2018 сағат 09:00

Өзбекстанның арнайы қызметі бұрынғы басшысының ұлына шетелге шығуға тыйым салды

Өзбекстанның Мемлекеттік қауіпсіздік қызметінің шекара әскері арнайы қызметтің бұрынғы басшысы Рустам Иноятовтың 43 жастағы ұлы Шариф Иноятовқа және Өзбекстан салық комитетінің төрағасы Батыр Парпиевтің ұлы 40 жастағы Бабур Парпиевке шетелге шығуға тыйым салды.

Бұл ақпаратты Азаттықтың өзбек қызметіне Мемлекеттік қауіпсіздік қызметі шекара әскерінің офицері хабарлады.

Белгілі болғандай, 30 наурызда Orient Finans Bank-тың басқарма басшысы Бабур Парпиев Ташкент әуежайынан ұшпақ болған жерден оны шекара қызметкерлері ұстап, кері қайтарған. Осыдан кейін ол үйіне оралып, банктегі жұмысын жалғастыра берген.

Өзбекстан ішкі істер министрлігіндегі қызметкердің бірі Uzgardens кептірілген жеміс-жидекті экспортқа шығаратын кәсіпорынның акционері Шариф Иноятовты және Orient Finans Bank басқарма басшысы Бабур Парпиевты шетелге шығуға тыйым салған "қара тізімге" енгізгенін айтады.

Осыған дейін бұрынғы бас прокурор Рашид Кадыровтың ұлы Әлішер Кадыров елден қашып кеткен. Ташкент қаласы прокурорының бірінші орынбасары Мирагалам Мирзаевтың ұлы Абдурашид Мирзаев та қашуға әрекет еткен. Осыдан кейін қылмыстық іске қатысы бар азаматтардың туыстарын елден шығармау үшін билік арнайы шара қолданған.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3235
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5366