Ондағы мәліметке қарағанда, өзбек-қырғыз шекарасына жақын орналасқан Өзбекстан азаматының үйінде газ баллон жарылып, үйін өрт шалған. Өртті қырғыз шекарашылары байқаған. Олар бірден Қырғызстан аумағында каналдан ағып жатқан суды жеткізіп, өртті сөндірген.
«Біз Өзбекстан аумағында үйдің өртеніп жатқанын байқадық. Бұл аймақтан шекара сызығы өтеді. Бірден өртті сөндіру үшін суды жеткізуді қамтамасыз еттік», – дейді "Көксерек" шекара бекетінің басшысы Әділет Исраил уулу.
Abai.kz