Сенбі, 23 Қараша 2024
4182 0 пікір 4 Сәуір, 2018 сағат 09:04

Сауд ханзадасы: израильдіктер "өзінің жерінде бейбіт өмір сүре алады"

Сауд Арабияның тақ мұрагері, ханзада Мохаммед бин Салман Израиль тұрғындары "өзінің жерінде бейбітшілікте өмір сүруге құқығы бар" деп мәлімдеді. Осылай деп ол америкалық The Atlantic басылымына сұхбат берді.

АҚШ-қа сапарлап барған Ханзада Мохаммед палестиналықтардың да осылай өмір сүруге құқығы бар деп атап өтіп, сол үшін таяушығыс кикілжіңін бейбіт келісімде шешу керек деді.

Сауд Арабия Израильді ресми түрде мойындамайды. Бірақ соңғы уақытта ханзада Мохаммед ортақ мүдде үшін, атап айтқанда Иранға қарсы тұру мақсатында Израильмен қарым-қатынасты жақсартуға тырысып жатыр деп бағалайды сарапшылар. Ол The Atlantic басылымына берген сұхбатында егер Израиль Палестинамен бейбітшілік жөнінде келісімге келсе, "екі елдің ортақ мүддесі өте көп болар еді" деп атап өтті.

Reuters агенттігі Сауд Арабия Ақ үйдің Таяу Шығыс қақтығысын реттеуге қатысты жаңа шешімін қолдайды деп жазады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3235
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5369