Сенбі, 23 Қараша 2024
Әңгіме 5759 1 пікір 4 Сәуір, 2018 сағат 13:14

Мұғалім мен шаштараз

Шаштараз мұғалімнің шашын қиып жатыр.

- Осы неге бізде білім сапасы жыл өткен сайын нашарлап бара жатыр?
Мұғалім бір жөткірініп алып былай деді:

- Ойлап көріңізші, егер сіз шаш қырқуға қолданатын әр құралыңыздың қажеттілігін жазбаша түрде негіздеп, құжаттармен дәлелдеп отыруға міндетті болсаңыз; сосын сізге әр басты күзерде ұзақ мерізімдік және сағаттық жоспарлар түзіп, қиярдан бұрынғы және қиғаннан кейінгі басты жуу процесінің әдістемесін есеп қағазына тіркеп, сусабын, гель секілді шаш күтіміне арналған заттардың мөлшерін, құрамын, қолданылу мақсатын жазбаша түрде көрсетіп отыру жүктелсе; еңбекақыңыз клиеттердің жазған мақалалары мен пікірлеріне, сіздің бас жуу туралы қоғамдық лекцияларыңызға, "Қырынудың тариxи концепция ретіндегі медиа-коммуникациялық аспектісі" деген секілді тақырыптардағы ғылыми конференциялар мен xалықаралық семинарларға қатысудағы белсенділігіңізге тікелей байланысты болса; ай сайын шаш алдырушылар мен олардың туыстарына арнап концерттік іс-шаралар ұйымдастырып отырсаңыз; айына бірнеше рет тексеру келсе; жоғарының шешімімен өткір жүзді ұстараны қолдануға тыйым салынса; әр клиентпен шаш алардың алдында және соңында селфи жасап, ол суреттерді арнайы комиссияға есеп ретінде тапсырып отырсаңыз; әрбір клиент пен олардың көршілерінің коммуналдық төлемдерді жасағаны туралы анықтамарын тұрақты түрде жинап тұру сіздің мойныңызда болса; тіпті, арасында шаш қиғызған адамдардың үйлеріне барып, шаштарының қалай өсіп жатқанын тексеріп, оларға қандай да псиxологиялық жәрдемнің қажет, қажет емесін біліп тұруға жұмсаса, қалай болар еді? Ол ол ма, айына бірнеше рет "өз еркіңізбен" көше сыпырып, ағаштарды әктеуге көмектесіп тұрсаңыз. Сосын жұмыстан бос уақытыңызда...

- Тоқтат! Болды, жетеді!!! - деді ұзақ-сонар әңгімеден шаршап кеткен шаштараз қабағын түйіп. - Егер мен оның бәрін істейтін болсам, жұрттың шашын кім қияды? 

- Меніңше, сіз өз сұрағыңызға жауап берген сияқтысыз, - деп ащы жымиды мұғалім.

Мәтіннің орысша нұсқасы Кәкен ағай Қамзиннің парақшасынан алынды.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3235
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5366