«Біз оқудың ақшасын 20 ақпанда Түркіменстан банкі арқылы аудардық. Бірақ банктер Беларусьтегі оқу орнына әлі күнге дейін аудармаған. Университет 1 сәуірге дейін ақша түспесе, оқудан шығарамыз дейді. Соңғы мерзім жұма күнге дейін», - деп алаңдайды студент. Онда Түркіменстаннан барған 42 студент оқып жатыр екен.
Ол бұл мәселеле Минскідегі Түркіменстан елшілігі де көмектесуден бас тартып отырғанын айтады.
«Банкке қоңырау шалу мүмкін емес. Ең бастысы бізге елшінің өзі көмектеспей отыр. Ол тек мемлекеттік келісім арқылы оқуға келген студенттерға ғана көмектесті. Елші бізге өз проблемаларыңды өздерің шешіңдер деді. Біз 40-тан көппіз. Ортамызда биыл оқу бітіретін жастар да бар», - дейді аты-жөнін жасырған студент қыз.
Оның сөзінше, ата-анасы түркімен банкі арқылы бір семестрге 2 мың АҚШ долларын аударған.
Abai.kz