Таяуда Трамп кезекті рет Сириядан америкалық әскерді шығарғысы келетінін, бірақ қашан екенін айтпаған. Президент кеңесшілері бұл ниетін сынға алған. Олардың пікірінше, "Ислам мемлекеті" террористік ұйымынан толық азат ету үшін өте көп уақытты қажет етеді. Кеңесшілердің пікіріне АҚШ мемлекеттік департаменті мен қорғаныс министрлігі келіскен.
Ал бұл кезде Ресей, Түркия және Иран қарсыластарының күшіне қарамастан, Сирияны бөлуге жол бермейді деп мәлімдеді Иран президенті Хасан Роухани.
Оның сөзінше, аймақтың қарсыластары Сирия аумағын бөліп алуға талпынып жатыр, бірақ оған жол берілмейді. Иран президенті қарсыластар деп америкалықтар мен израильдіктерді атады. Ол бұлар аймақты террористер басқарғанын қалайды деді.
Қаңтар айының соңынан бері Сирияның солтүстігінде күрдтерге қарсы "Зәйтүн бұтақтары" деп аталатын әскери операция жүріп жатыр. Операция барысында Манбидж бақылауға алынуға тиіс болатын. Анкара Вашингтонды бұл қаладан әскерін алып кетуге шақырды. Бірақ АҚШ бас тартып отыр.
Түркия билігі Күрд отрядын террористер деп атайды. Ал күрд милициясы болса, АҚШ қолбасшылық ететін коалиция құрамында "Ислам мемлекеті" жихадшыларына қарсы күресіп жатыр.
АҚШ қолбасшылық ететін халықаралық коалиция Сирияда 2014 жылдан бері террористермен күресіп келеді. Коалиция сонымен бірге Сирияның демократиялық оппозициясына қолдау көрсетеді. Ал Ресейдің әскери кампаниясы 2015 жылдың 30 қыркүйегінен бастап Сирияға кірді. Ресей Сирия президенті Башар Асадты қолдайды.
Abai.kz