Хатта күйеуінің кінәсі жоғы айтылып, президенттен істі тәуелсіз сарапшыларға жіберуін сұрайды.
Хадиша Асқарова 2010 жылы Ош облысындағы оқиға кезінде Сооронбай Жээнбековтің сол аймақты басқарғанын, бұл оқиғаны жақсы білетінін айтады. Ол президент айыбы жоқ адамдарды жазалауға жол бермейді деп үміттенеді. Хадиша күйеуіне рақымшылық жасаса екен деп те тілейді.
Асқаров 2010 жылы Ош облысындағы жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырды деген айыппен өмір бойы түрме жазасына кесілген. Кейін БҰҰ-ның Адам құқықтарын қорғау комитеті құқық қорғаушыны босатуға шақырған. Іс 2017 жылы Шу облыстық сотында қайта қаралған. Бірақ сот Асқаровқа қатысты үкімді сол күйінде қалдырды.
Abai.kz