Бұл арнаның журналистері саябақтарда құшақтасып, сүйісіп отырған жастарды жасырын камераға түсіріп, эфирден көрсетеді. Бұл жобаның авторы әрі жүргізушісі «бағдарлама әдептен асып кеткен жастардың жағымсыз қылықтарын жариялау арқылы қоғамды тәрбиелеу» деп мәлімдеді.
Ал Өзбекстанның әділет министрлігі жариялаған ресми хатта «Журналистің кәсіби қызметін қорғау жөніндегі» заңның 6-бабына сәйкес тілші азаматтардың құқығын, бостандығын, арын және жеке өмірін сыйлау керек» деп ескерткен.
Аталған мекеме жастардың әрекеттерінен заңға қайшы келетін оғаш қылық көрмейтінін де атап өткен.
Бағдарлама жүргізушісі Бадриддин Хусниддинов болса жасырын камераға түсіру кезінде кейіпкерлердің жеке өміріне қол сұқпағанын айтады. 22 жастағы жүргізуші бұл жұмысын әрі қарай жалғастыра беретінін атап өтті.
Abai.kz