Жергілікті төтенше жағдай комитетінің мәліметіне қарағанда, бесқабатты мансардты үйдің бірінші-екінші қабатының балкондарынан өрт шығып, жоғарғы қабатқа шарпыған.
Үйден 300 адам эвакуациаланған. Олардың бәрін жақын мектепке орналастырған. Өрттен қаза болғандар және зардап шеккендер туралы ақпарат әзірге жоқ. Ғимараттың 1100 шаршы метрі өртеніп кеткен.
25 наурызда Ресейдің Кемерово қаласында "Зимняя вишня" сауда орталығында өрт шығып, 64 адам қаза тапты (көбі - балалар). Сауда үйі толығымен өртеніп кеткен. Осыдан кейін Қазақстанда да ғимараттар тексеріле бастаған.
Abai.kz