Сенбі, 23 Қараша 2024
3005 1 пікір 6 Сәуір, 2018 сағат 09:41

Пентагон: АҚШ-тың Сирияда ИМ-мен күресу саясаты өзгеріссіз қалады

Құрама Штаттардың Сириядағы "Ислам мемлекеті" террористік тобымен күресу әскери саясаты өзгеріссіз қалады. Осылай деп АҚШ-тың Қарулы күштер штабы өкілі генерал-лейтенант Кеннет Маккензи мәлімдеді.

Әскери қолбасшы президент Дональд Трамп америкалық әскердің Сирияда радикалды исламшылармен күресу мерзімін ұзартуды қолдады деп атап өтті. Осының алдында Трамп Сирияда "Ислам мемлекеті" террористік ұйымымен күрес аяқталды, енді әрі қарай америкалық әскердің онда қалуында еш мағына жоқ деп мәлімдеген.

АҚШ жетекшілік ететін халықаралық коалиция Сирияда 2014 жылдан бері террористік ұйымдармен күресіп келеді. Онда шамамен екі мыңға жуық әскер бар. Коалиция сириялық оппозициялық күшке қолдау көрсетеді.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5394