Сәрсенбі, 13 Қараша 2024
3284 0 пікір 6 Сәуір, 2018 сағат 09:48

Бішкекте сөз бостандығын қорғау комитеті белсенді Ормуковтың ұсталғанын айыптады

Сөз бостандығын қорғау комитеті зағип белсенді Темирлан Ормуковтың қамалғанына наразылық білдіріп мәлімдеме жасады.

«Сөз бостандығын қорғау комитеті көз жанарына қатысты мүгедек, ақын Темирлан Ормуковты күшпен қолына кісен салып, тергеу абақтысына қамауын адамгерлішікке жат әрекет деп қабылдаймыз»,- делінген мәлімдемеде.

Комитет бұл іске Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбековтің, парламенттің тікелей араласуын сұрап, прокуратура, сот және милицияның қатыгез әрекеттерін айыптайды.

2016 жылы бас прокуратура Темирлан Ормуковтың сол кездегі президентті сынаған өлеңдерін интернеттен тауып, "аймақаралық араздық туғызды" деген айыппен қылмыстық іс қозғаған. Бас прокуратураға депутат Дастан Бекешев арызданған.

Кейін Ормуков Бекешевке қарсы заңды бұзып отыр деп сотқа шағым түсірген. Бірақ арыздағы ақпарат расталмады деп, белсендінің өзіне "қылмыс жасады деп жалған ақпарат берді" деген айыппен қылмыстық іс қозғады.

Бішкектің Октябрь аудандық соты Ормуков отырысқа келмеді деп, оны бір айға қамау туралы шешім шығарған. Онымен қоса, пәтері де бұғатталған. 5 сәуірде оны ауруханада жатқан жерінен милиция өкілдері қолына кісен салып, күштеп алып кеткен.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1231
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 2945
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 3290