Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 5898 1 пікір 9 Сәуір, 2018 сағат 08:42

"Әміре" фильмі жайлы...

"Әміре" фильмін көрдім. Өзіміз өзіміз болғалы бірінші рет орыс идеологтарының қатысуынсыз түсірілгендігі анық байқалды. Соған қуандым.

Фильмде орыстардың рөлін ригалықтар ойнаған. Барынша сол заманның шындығын беруге тырысқан, тым жақсы талпынысты көрдім. Орыстарды ренжітіп аламыз деген жасқаншақтықтан, солар сияқты түсіріп, соларды қайталаудан арылуға талпыныс. Орыстардың қазақтарды менсінбей, соңғы адам санағандарына дейін беруге тырысқан. Ащы шындық.

Тілдері орысша шығып, сана-сезімдері орысша қалыптасқандарға көрсететін осы сияқты аштық, репрессия құрбандары мен ІІ дүниежүзілік соғыста қазақтың қылшылдаған жастарын ет тартқышқа салғандай тураған Ржев, Сталинград, Курск дугасы түбіндегі кескілескен шайқастардағы шындықтар шынайы көрсетілген шыншыл фильмдер көбірек түсірілсе деген ойда болдым.

Фильмді көріп шығып бара жатқанда көрермендердің репликаларынан да соны ұқтым. Сондықтан бұл фильмді осы жолдағы алғашқы талпыныс деп қабылдадым.

Бақыт Жаншаева

Facebook-тегі парақшасынан

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5385