Сенбі, 23 Қараша 2024
3016 0 пікір 9 Сәуір, 2018 сағат 09:08

Өзбекстанда коммуналдық қарызы бар азаматтарды шетелге шығармайды

Ростов-на-Дону. 30.11.13. Фото 3726 - Оплата услуг ЖКХ в отделении Сбербанка. Фото В.Матыцина.

Өзбекстанда 1 мамырдан бастап коммуналдық қарызы бар азаматтардың тізімі жасалған электронды база іске қосылады.

Бұл базаға кірген жеке және заңды тұлғаға ірі келісімдер жасауға, несие алуға және мемлекеттік қызмет көрсетуге тыйым салынып, шетелге де шыға алмайтын болады деп хабарлайды жергілікті БАҚ.

Қарызы бар тізімге электр энергиясы, суық су және ыстық су бойынша коммуналдық төлемақысы екі айлық есептік көрсеткіштен (1 АЕК – 172 240 сум) асып кеткен азаматтарды кіргізген. Заңды тұлғалар үшін 5 АЕК шамасында қарызы барларды қара тізімге енгізген.

Бірақ борышкерлерді кезекті еңбек демалысына шығуға кедергі келтірмейді екен. Ол үшін бас прокуратура коммерциялық банктермен бірлесіп, әуежай, темір жол және автовокзал жанынан қарызды төлейтін арнайы касса ашпақ. Шетелге шыққысы келетін азаматтар, сол жерге қарыздарын төлеп кетуге болады екен.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5385