Сенбі, 23 Қараша 2024
3343 1 пікір 9 Сәуір, 2018 сағат 09:11

Ресейде жеті мигрант "терроризмге қатысы барын" мойындаған

Самара қаласында "Ислам мемлекеті" террористік тобына қосылып, Мәскеу, Санкт-Петербург және Екатеринбургте теракт жасамақ болды деген айыппен ұсталған бір топ өзбек мигранттарына қатысты сот ісі аяқталды.

Приволжск округтік әскери соты жабық есік жағдайында өткен сотта Өзбекстан және Қырғызстан азаматтары бар жеті адамды "терроризм", "заңсыз қару саудасы" және "жарылғыш заттарды заңсыз сақтады" деген баптар бойынша кінәлі деп танып, 12 жылдан 17 жылға дейін бас бостандықтарынан айырды. Бұл жөнінде сотталушылардың бірі Козим Абдуллажоновтың адвокаты Денис Гудков хабарлады.

"Козимжон және қалған алты адамды ИМ тобының мүшелері деп айыптады. Оларды Ресей билігіне Сириядағы әскери операцияны тоқтат деген қарсылық білдіру арқылы Екатеринбургтегі «Карнавал» сауда үйін жармақшы болды деп айыптады. Бірақ сот процесі кезінде үйлеспеген тұстар өте көп болды. Мәселен, Козимжон таңғы сағат алтыда өзінің пәтерінде жылы күртке киіп отырады екен де, ФСБ қызметкерлері одан граната тәркілейді екен. Ең қызығы, тағы екі адамды дәл осындай сипатта ұстаған. Алдымен мигранттардың үйіне оперативті топ келген, одан кейін тергеуші мен куәгер келген", – дейді Денис Гудков.

Денис Гудковтың сөзінше, өзбек мигранттарына қатысты сот ісі жабық есік жағдайында өткен. Судья адвокаттардың тергеу ісінде заңның бұзылғаны және сотталушыларды азаптағаны жөніндегі өтініштерін қабылдамаған.

Айыптау қорытындысы бойынша, сотталған өзбек мигранттар 34 жастағы өзбек азаматы, ресейлік құқық қорғау органдарының мәліметі бойынша «Жабхат ан-Нусра» (Халықаралық «Әл-Каида» ұйымының бұрынғы бөлімшесі – Ред.) тобының мүшесі Зиёдулла Ибодовтың көмегімен жарылғыш заттар жасаған. Мұнан бөлек өзбек мигранттары Сирияға 100 АҚШ доллары көлемінде ақша жіберген.

​Денис Гудков сот үкіміне қарсы жоғары инстанцияларға шағымданатынын, одан қалса адам құқықтары жөніндегі Еуропалық сотқа дейін арызданатынын айтып отыр.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1471
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3246
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5419