Сәрсенбі, 13 Қараша 2024
2836 0 пікір 11 Сәуір, 2018 сағат 08:21

Қырғыз саясаткері "билікті тартып алмақ болды" айыбы бойынша сотталды

Бішкектің Бірінші май аудандық соты «Эркин эл» саяси партиясының лидері Мавлян Аскарбековті "билікті тартып алмақ болды" деген айып бойынша кінәлі деп тапты. Оған 50 мың сом (700 доллардан астам) көлемінде айыппұл салынды.
Сотталушы сот шешіміне келіспейді, қалалық сотқа шағымданбақшы.

Мавлян Аскарбековке қатысты Қырғызстан Қылмыстық кодексінің 1-тармағы, 297-бабы бойынша ("Конституциялық құрылымды күшпен өзгертіп, билікті тартып алуға жария түрде шақыру") іс қозғалған.

Тергеу мәліметі бойынша, Мавлян Аскарбеков «Учкун-2» және Дачи-СУ ауылындағы халықпен кездесуде билік осы ауыл тұрғындарының мәселесін шешу керек деген екен.

Белсенді болса, өзіне тағылған айыптарды теріске шығарып, оппозициялық ісіме бола қуғындап жатыр дейді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1231
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 2945
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 3292