Президент сапары осы аптаның аяғында басталу керек болған. Енді Трамптың орнына вице-президент Майк Пенс барады. Дональд Трамп "Сириядағы оқиғаға байланысты америкалық кеңесті үйлестіру үшін және халықаралық жағдайды қадағалау үшін Ақ үйде қалады", – деп мәлімдейді Ақ үй әкімшілігі.
АҚШ президенті осының алдында Дума қаласындағы химиялық шабуылды айыптап, оған Сирия президенті Башар Асад және Ресей мен Иран жауапты деген. Трамп Құрама Штаттардың химиялық шабуылға жауап ретінде көптеген тәсілдері бар деп мәлімдеген. АҚШ Сириядағы іс-қимылдарын Франция және Ұлыбритания секілді одақтастарымен үйлестіріп отыр.
Ресей және ресми Дамаск химиялық шабуыл болмады дейді. БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі сейсенбі күні Сириядағы жағдайды талқылады. АҚШ Думадағы химиялық шабуылды зерттеу жөнінде резолюция жобасын ұсынды. Ресей болса өзінің жобасын дайындап жатыр.
Abai.kz