Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 4536 11 пікір 11 Сәуір, 2018 сағат 09:34

Натальяға бірер сұрақ

Наталья Бубнова деген бикеш Екінші дүниежүзілік соғысты атасы Моңголияда аяқтағанын жазыпты. Менің әкем де соғысты Қытайдың ең соңғы императоры Пу И- ді тұтқындаған батальоннның құрамында 3 қыркүйек күні Шығыста аяқтаған екен. Наталья ары қарай бұл "Нағыз Ұлы Отан соғысы болатын" деп, тастай бекем пікірін келтіріпті. Осыған байланысты Натальяға бірер сұрақ қоймақпын:

- Бикеш! 1 миллионға жуық әскері бар, өте жақсы қаруланған Квантун Армиясы Германиямен одақтас болса да СССР- дің территориясына Шығыстан басып кірмеді. Немістер Москваның түбіне келгенде Сталин Шығыстағы негізгі әскерді алғызып, Батыс майданға салды. Сөйтіп, Шығыс жақ шептегі СССР-дің қорғанысы әлсіреді. Егер Жапондар осы кезде шабуылға шықса Сіз айтып отырған соғыс қалай аяқталар еді? Бұл бір.

Екінші, төрт жыл бойы бейтарап тұрған Жапондарға немісті жеңген соң, соғыс ашқанымыз қалай? Жапондар СССР-ға жамандық жасаған жоқ. Ал СССР таза опасыздық істеп, бейтарап тұрған елді қанға бөктірді. Қытайдың заңды Императорын ұстап, қызыл террорға жол ашты. Бұған қалай жауап бересіз?

Порошенко өте дұрыс айтады. Сталин мен Гитлер тарих алдында бірдей жауап береді

Камал Әбдірахман

Facebook-тегі парақшасынан

11 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1474
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3249
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5446