Сенбі, 23 Қараша 2024
3267 0 пікір 12 Сәуір, 2018 сағат 09:38

Бүгіннен бастап «Ташкент-Алматы» бағытында жолаушылар автобусы қатынайды

12 сәуірден бастап Ташкент пен Алматы арасында халықаралық жолаушылар автобусы қатынай бастайды. Осылай деп "Өзбекавтотранс" агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Ташкент – Алматы» бағытындағы халықаралық жолаушылар автобусы күніне үш рет (16:00, 17:00 және 18:00 сағат) «Ташкент» автовокзалынан қатынайды. Ал «Алматы-Ташкент» автобусы «Сайран» автовокзалынан жүреді.

Маршрут ұзақтығы 818 км, жолға 16 сағат 30 минөт кетеді. Оның ішінде жарты сағаты «Гишткуприк» (Өзбекстан) және «Жібек Жолы» (Қазақстан) кеден және шекара бақылау бекетінен өтуге кетеді екен.

Билет құны Ташкенттен шыққанда 100 мың сум (12 доллар шамасында) және Алматыдан шыққанда 4000 теңге болып белгіленген.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1475
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3249
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5456