Оның сөзінше, сорғы станциясының жұмысы Сох анклавында орналасқан. Ондағы жұмысшылардың қауіпсіздігін өзбек-қырғыз үкіметі келісіміне сәйкес, өзбек шекарашылары қамтамасыз етуі тиіс.
«Біз шара қолданамыз. Біздің азаматтар кінәлі. Олардың бәрі ұсталды. Тергеу жүріп жатыр. Біз ауыл тұрғындарымен кездесіп, олардың бейбіт тұруы үшін профилактикалық жұмыстар жүргіземіз», - дейді Жахангир Фозилов.
10 сәуірде Сох анклавында сорғы станциясының жұмысшысын Өзбекстанның Шархабат ауылының тұрғындары ұрып кеткен. Қырғыз азаматы ауыр жарақат алып, Баткен облысының ауруханасына жеткізілген.
Айта кету керек, Өзбекстан аумағында орналасқан сорғы станциясы Қырғызстанға тиесілі. Алдын ала ақпарат бойынша төбелес суға таласудан шыққан.
Abai.kz