Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 3466 2 пікір 16 Сәуір, 2018 сағат 08:32

Бірде-бір жанға қиянат жасамаған мемлекетті картадан тауып беріңізші...

АҚШ-тың Сирияны зымырандармен атқылағаннан кейін, біраз орысқұл "АҚШ әлемдегі ең залым империя" деп зарлап, түрлі әскери операцияларын тілге тиек етіп жатыр. Ол Ливияны құртты, Ауғанстанды оңдырмады, Ирак пен Йеменнің түбіне жетті... Ары қарай бла-бла-бла.

Айтқандарының бәрі дұрыс. Иә, АҚШ жауыз. Бірақ жауыз емес империя тарихта бар ма? Болған ба? Жоқ! Өйткені империя болу деген сөз - жауыз болу деген сөз. Себебі саясатта жүрек жоқ, сәйкесінше "обал болады", "жаман болады", "күнә болады" деген ұғым да жоқ. Онда тек ұлттық мүдде бар. Бұл түсінік тек қана империяларға тән емес, күллі мемлекеттерге ортақ. Ұлттық мүдде жолында мемлекеттік аппарат бейкүнә халықты қырып, жазықсыз жанды таптап кете алады. Жазылмаған қатал саяси заң сондай. Оны орындамаған, одан бас тартқан елдер тарихта жоқ болып кеткен. Ізгілікті ту еткен бір елді атап көрсетіңізші. Тым болмағанда біреуін. Бірде-бір жанға қиянат жасамаған мемлекетті картадан тауып беріңізші. Көрсете де, таба да алмайсыз. Өйткені ондай ел жоқ!

Өкінішке орай шындық осы. Адамзат тарихы бір-бірінің қанын төккен мыңдаған ғасырлардың шежіресі. Адамзат тарихында күнәсіз халық, кінәсіз ел болмаған. Сен жақтайтын Ресейің, өзі қырған миллиондаған халықтың сүйегінің үстінде тұр. Сен сүйетін Қытайың, өзі өлтірген миллиардтаған бейкүнә жанның қабіріне салынған. Сен мақтайтын АҚШ-ың, өзі жойған миллиондаған боздақтың қызыл қанымен байыған. Егер қарапайым ғана осы бір саяси заңдылықты түсінбей, империялар арасындағы қақтығыста "мына елдің адамгершілігі жоғары" деген сарында әңгіме айтылса, онда ондай адамға сөз айтудың не қажеті бар. Бос шығын. Бір ғана дүниені түсіну керек: Саясатта жүрек пен эмоция жоқ, онда ми мен салқынқандылық бар. Саясатта сатқындық жоқ, тек мүдделер ауысуы бар. Болды.

Асхат Қасенғалидың Facebook-тегі парақшасынан

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5485