Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 3776 1 пікір 16 Сәуір, 2018 сағат 08:39

Қанағат болмағаннан кейін қарны тоймайды екен ғой

Өткенде бір бауырым Гонконгтегілердің менталитеті туралы айтып берген. Бір жерге бірдеңе сұрайын деп кіріп барса, вахтада отырған əйел тамақ ішіп отырыпты. Сұраққа жауап бермейді дейді. Төрт-бес рет сұраған кезде барып бір-ақ басын көтеріп, əлгілерге айқайлап жіберіпті. "Менің күні бойғы кəйпімді бұздыңдар ғой" деп. Сөйтсе, олар сол бір сəттік тамақтың лəззаты үшін жүреді екен.

Тағы бірде жолбасшы қытайды мейрамханаға ертіп апарыпты. Елден бір қуанышты жаңалық естіп, сол үшін қытайды қымбат ресторанға апарып, қалаған тамағыңды алып же деген ғой. Əлгі қытай тамақты алып жатыр, алып жатыр. Мынаның бəрін (4 адамның тамағы) тауыса аласың ба деген ойлы жүзбен қарасам, қорықпа дегендей жымың ете түсті дейді. Обшым, əлгі қылдырықтай қытай сол тамақтың бəрін тауысып жеп, Мəкеңді қатты таңғалдырыпты.

Бүгін мені де бір кəрістер қатты таңғалдырды. Кореядан келіпті. Əрқайсысы бір-бір етке (бешбармаққа), лағманға, сорпаға тапсырыс берді. Салат-малаты тағы бар. Біз бір лағманды əрең жеп бітіргенде, олар үшеуін де тауысып тастап, салатқа ауыз салды.

"Құдай-ау, бұларда қанағат болмағаннан кейін қарны тоймайды екен ғой" дедім...

Жолымбет Мәкіштің Facebook-тегі парақшасынан

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5489