Ол Amazon-ның IP-адресін бұғаттау Telegram-ды бұғаттау жөніндегі сот шешіміне қатысы жоқ екенін айтады. Бұл шешім Бас прокуратураның бұйрығында көрсетілген екен. Осының алдында Роскомнадзор тыйым салынған сайттардың қатарына Amazon, Google және Telegram-ның бірнеше доменін енгізген.
Дүйсенбі күні Ресейде сот шешімімен Telegram-ды бұғаттай бастады. Роскомнадзор сонымен бірге тыйым салынған сайттарға кіру құралдарына да тыйым салатынын мәлімдеді.
Telegram негізін қалаушы Павел Дуров "ресейліктердің құпия хат алмасу құқығын қайтаруға күресетінін" мәлімдеді. Оның айтуынша, Telegram-ға тыйым салса, Ресейде ұлттық қауіпсіздік деңгейі түсіп кетеді.
Америкалық Amazon компаниясы интернет арқылы тауар сатуда әлемдегі ең ірі сервис. Бұл компанияның АҚШ-тан басқа Бразилия, Канада, Ұлыбритания, Германия, Жапония, Франция, Италия, Испания, Үндістан мен Қытайда филиалдары бар.
Abai.kz