Сауда орталықтары және мейрамхана қожайындары байланыс қызметі өкілдерінің ғимаратта WiFi-роутерлердің қолданылуын текскеруге келгенін хабарлады.
Байланыс қызметінің басшысы Бег Сабур 11 сәуірден бастап WiFi қолданатын барлық мекемелерді тексеруді тапсырған.
Биліктегі дереккөздің хабарлауынша, бұл "Байланыс жөніндегі" заңға байланысты. Жұмысшы тобының өкілдері "қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін" деген себеппен WiFi құрылғылардың нөмерлерін жазып алып жатыр екен.
Тәжікстандағы мобильді операторлар қауымдастығының төрағасы Гафурджон Иркаев байланыс қызметінің тексеру жүргізуге заңды түрде құқығы бар дейді. Ол WiFi қызметін пайдалануға арнайы рұқсат алу оның бағасына әсер етеді дейді. Бұдан былай кез-келген кәсіпкер сымсыз интернет орнату үшін, биліктен арнайы рұқсат алу керек.
Abai.kz