Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2935 0 пікір 11 Маусым, 2009 сағат 08:03

Лесбек ТӘШІМОВ, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің президенті: Студенттеріміз жерге қаратқан емес

– Лесбек Тәшімұлы, жалпы, биыл университетті қанша түлек бітіріп отыр?
– Бүгінде Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде 29 түркі елінен келген студенттерді қосқанда 21 мыңнан аса бала оқиды. Дағдарысқа қарсы Елбасы тағайындаған арнайы 11 мың гранттың 440-ы бізге тиесілі болып отыр. Ал Шымкент, Тараз қалаларындағы филиалдарды және Түркияның Стамбул қаласындағы студенттерімізді есептемегенде, университетіміздің күндізгі бөлімін – 1381, сырттай оқу бөлімін 1077 түлек бітірді. Бүгін сыртқы бөлімді тәмамдаған 96 бітірушіге диплом тапсыру салтанатын өткізіп отырмыз.
– Бұл жиынға түрік жағынан келгендер бар ма?
– Бүгінгі салтанатты шараға, яғни 2008-2009 жылғы бітіруші түлектерді құттықтауға Түркиядан Өкілетті Кеңестің төрағасы, доктор-профессор Осман Хората мырзаның өзі арнайы келіп қатысты. Түркия мемлекеттік телевидениесі түсіріп кетті.
– Оқу орнының базасы жөнінде айта кетсеңіз.
– Түркістанның сырттай оқыту бөлімінің біраз бөлігін Кентау қаласына көшірдік. Себебі, Кентаудағы базамыз кеңірек. Оның үстіне, Түркістанда жатақхана мен оқу ғимараттарының жетіспеушілігі, оған қоса түркі тілдес елдерден келетін талапкерлердің дайындық курстары да қосымша базаны қажет етті. Осының бәрін ойластыра келе, сырттай оқыту факультеттеріне дәріс беру Кентау қаласында да қоса жүргізілді.

– Сыртқы бөлімді бітіргендердің арасында қай мамандықты иелері басым?
– Биыл сырттай білім алғандардың басым көпшілігі мұғалім екенін айта кеткен жөн. Дегенмен, құқықтану, экономист, бухгалтерлік есеп секілді мамандықтарды бітіргендер де баршылық.
– Түрік елінен мамандар келіп қайырымдылық шарасы ретінде тегін операциялар жасағаны туралы естіп едік…
– Негізінен, бүгінгідей салтанатты кешті өткізуге атқарып жатқан бірнеше жұмыстарымыз арқау болды. Мамыр айының 9-17 аралығында Халықаралық «Дәрігерлер бейбітшілік үшiн» (Physicians For Peace) бағдарламасы шеңберiнде «Интерпласт-Түркия» ұйымы келіп, 170 науқасқа кеңес беріп, оның 70-не тегін пластикалық операция жасады. Атап айтқанда, жас балалар мен кейбiр ересек адамдарға жасалған операциялардың түрлерi: «қоян жырығы» (заячья губа) – үстiңгi ерiннiң туа бiткен кемiстiгi, таңдай жырығы (волчья пасть), эписпадия, гипосадия (пайғамбар сүндетi – жыныс органдарының туа бiткен аномалиясы), жарақаттан және күйiктен болған контрактуралар, аяқ-қол аномалиясы, тыртықтар, қосымша саусақтар немесе олардың туа бiткен жабысулары, мен дамымай қалуы, құлақ, мұрынның туа біткен немесе кейiн пайда болған кемiстiктерi және т.б.
– Түркология конгресінің жаңалығы туралы айтсаңыз.
– Иә, жақында ІІІ Халықаралық түркология конгресі болып өтті. Оған жиырмадан астам елдің ғалымдары қатысты. ҚР Білім және ғылым министрі, түрколог-ғалым Жансейіт Түймебаев та әріптестерінің арасынан табылды. Ағылшын тілінде 100 түркі таланттары туралы ақпараттық-танымдық негізде кітап шығарып, тараттық. Осындай сериялы кітаптар басуды жалғастыра бермекпіз. Ал оның қазақ тіліндегі нұсқасын ҚР Білім және ғылым министрлігіне тапсырдық.
– Университет жанына продюссерлік орталық ашылыпты, бұл заман талабы ма, әлде…
– Әрине, уақыттың талабы. Ал, орталықтың негізі бұрыннан-ақ қалыптасқан болатын. Оның базасын талапқа сай жаңарттық дегеніміз дұрыс болар. Заманауи үлгідегі ән жазатын студия, журналистика факультеті студенттерінің қолы жетпей жүрген фото және видеофильм студиясын аштық. Студенттің ізденуіне біз жағдай жасауымыз керек.
– Университет өзінің өнерпаз түлектерімен де мақтанатын болар?
– Өнерпаздарымыз ешуақытта бізді төмен қаратқан емес. Студенттеріміз барлық уақытта, қандай конкурс болсын жүлделі орындарды алып жүр. Мәселен, Халықаралық «Шабыт» фестивалінің Гран-приін «Бисұлтан» бишілер тобымыз жеңіп алса, Шымкент қаласындағы филиалымыздың «Тұран» бишілер тобы Орал қаласында өткен Ш.Жиенқұлова атындағы республикалық конкурстың екі дүркін жеңімпазы атанды. Бүгінде еліміздің үлкен сахнасынан көрініп жүрген Нұржан Қалжанов «Жас қанат» байқауының «Алтын қанатын» иемденді. Университетіміздің Алтынай Жорабаева, Әлден Жақсыбеков сынды түлектері «Азия дауысын» бағындырды.
– КВН-дегі көңілді тапқыш жігіттердің ізін басушылар бар ма?
– Соңғы 5 жыл бойына қазақ КВН-дегі жүлделерді де ешкіммен бөліспегеніміз рас. «Сөз тимесін», «Көз тимесін», «Өзіміздің жігіттер» атты көңілді тапқыштар бүкіл елдің сүйіспеншілігіне бөленді. Қазір қайтадан жас буындарды іріктеп, жаңа команда жасақтау үстіндеміз. Спортта да солай. Қазір еліміздің студенттері арасында спартакиада өтіп жатқанынан хабарыңыз бар шығар. ХҚТУ-і командалық есепте 2-орында келеді.
– Көпқабатты бас ғимараттарыңыздың ашылу салтанаты да қай уақытта болады?
– Біздің көптеген құрылыстарымызды Түркия Республикасы салып берді. Ал, Қазақстан тарапы бұрынғы ғимараттарды жөндеуден өткізіп, пайдаланды. Алайда, сіз айтып отырған негізгі бас ғимаратты еліміз өз қаражатына салып жатыр. Ол күзде, толық бітеді деп жоспарлануда. Онда ректорат, кафедралар орналасады.
– Медициналық клиниканың базасы тарлық етпей ме?
– Алдағы уақытта біз медициналық клиниканы кеңейтуді көздеудеміз. Бүгінде 60 орындық клиникамыздың мүмкіндігін екі есеге арттырмақпыз. 2011 жылы Қазақстан тарапынан жоспарға тағы бір ғимарат қосуды жобалап отырмыз. Ол кезде Түркия тарапы үлкен спорт кешенін салады деген ойдамыз.

Әңгімелескен Жазира БОТАҚАРА
«Нұр Астана» газеті 4 маусым 2009 жыл

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3260
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5578