Сәрсенбі, 23 Қыркүйек 2026
4292 2 пікір 19 Сәуір, 2018 сағат 08:36

Биыл Қазақстанның солтүстігінде 600 ғимарат сүріледі

Солтүстік Қазақстан облысының билігі жыл соңына дейін апатты жағдайда тұрған жүздеген ғимаратты сүру жоспары барын мәлімдеді.

Облыс әкімінің орынбасары Антон Федяев былтыр мүлікті түгендеу кезінде 1 мың 122 апатты жағдайда тұрған ғимарат анықталғанын, оның 300-і сүріліп, 17-сі қайта жөндеуден өткенін айтты.

«2018 жылы 58 нысанды қайта қалпына келтіру жоспарланып отыр»,- деді Федяев. Оның сөзінше, жеті ауданда және Петропавловскіде 114 ғимараттың иелері бар.

Ол ғимарат қожайындарына бір ай ішінде қауіпсіздік шарасын қамтамасыз етуді тапсырғанын атап өтті. Егер талапты орындамаса, 500 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салынбақ.

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов егер ғимарат қожайындары нысандарды қалпына келтірмесе, оларды сүріп тастаймыз деп ескертті.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1394
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2971
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1041
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 972