Сенбі, 23 Қараша 2024
3457 2 пікір 20 Сәуір, 2018 сағат 09:51

Тәжікстан тәжік-өзбек шекарасындағы даулы учаскелерге қатысты келісімді бекітті

Тәжікстан парламентінің төменгі палатасы Тәжікстан мен Өзбекстан шекарасындағы жекелеген учаскелерге қатысты келісімді бекітті. Бұл келісімге Шавкат Мирзияевтың Душанбеге сапары кезінде екі ел басшылары қол қойған.

Келісім екі ел арасындағы даулы болып келген 192 шақырым учаскені демаркациялау процесін аяқтайды.

Қазіргі кезде тәжік-өзбек шекарасында шешімі табылмаған тек бір учаске қалған.

Тәжік депутаты Журахон Мажидзода шешімі табылмаған учаскенің көлемі бір шақырымдай екенін, ол Тәжікстанның Соғды облысы мен Өзбекстанның Сырдария облысында орналасқанын айтады. Бұл жерде Фархад ГЭС бөгені орналасқан. Оның сөзінше, өзбек тарабы аталған учаске Фархад ГЭС жұмысшыларының дәлізі үшін ашық қалдыруды сұрап отыр.

Өткен аптада Душанбеде екі ел шекарасындағы ең даулы жер - Фархад ГЭС орналасқан аймаққа қатысты үкіметаралық комиссияның отырысы өткен. Екі тарап бұл аймақ Тәжікстан аумағы болып мойындалатынын, ал гидроэнергетика станциясы Өзбекстан меншігі болып қалады деп келіскен. Нысан қауіпсіздігін тәжік тарабы қорғаса, станциядағы техникалық жұмысты Өзбекстан атқарады.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5385