Сенбі, 23 Қараша 2024
3410 0 пікір 20 Сәуір, 2018 сағат 09:55

Қазақстанның екі порты АҚШ-тан Ауғанстанға жүк тасымалдайтын балама бағыт болмақ

Парламент сенаты Қазақстан мен Құрама Штаттар арасында Ауғанстанды тұрақтандыру және қалпына келтіруге байланысты Қазақстанның теміржол транзиті арқылы жүк қамтамасыз ету жөніндегі хаттамаға өзгерістер енгізу жөніндегі ратификацияны қабылдады.

Заң жобасында Ақтау және Құрық порттарын да транзиттің бір бөлігі ретінде енгізген. Бұл Каспий теңізі арқылы Ауғанстанға теміржол тасымалын қамтамасыз етеді.

Аталған маршрутты америкалық тарап «балама» ретінде қарастырады және жүкті Әзербайжаннан Каспий теңізі арқылы қазақстандық Ақтау және Құрық портына жеткізіп, әрі қарай теміржолмен Өзбекстан аумағы арқылы Ауғанстанға жөнелтеді.

Хаттамаға 2017 жылдың 21 қыркүйегінде Нью-Йоркте қол қойылған. «Бұл транзиттің іске асуы Ауғанстанда бейбітшілік пен тұрақтылықты қалайтын Қазақстан мүддесіне толығымен сәйкес келеді»,- деп сенаттың халықаралық қорғаныс және қауіпсіздік комитеті есеп берген.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3240
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5383