Сейсенбі, 22 Қыркүйек 2026
5988 3 пікір 23 Сәуір, 2018 сағат 13:05

Антониу Гутерриш: Әлемде қырғи қабақ соғысы басталып кетті

 

БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерриш жаңа қырғи-қабақ соғыстың басталып кеткенін мәлімдеді. Бұл туралы NUR.KZпорталы lenta.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

SVT телеарнасына сұхбат берген Антониу Гутерриш Қауіпсіздік кеңесі жұмысының тиімсіздігін алға тартып, әлемде қырғи-қабақ соғыс басталғанын айтқан.

"Қырғи-қабақ соғысы қайта оралды. ХХ ғасырда АҚШ пен Кеңес Одағының арасында үлкен жанжал болған. Ал бүгінде Мәскеу мен Вашингтон бәрін бақылауда ұстай алмайтын болды. Аймақта көптеген елдер тым белсенді болуда: Түркия, Иран, Сауд Арабиясы және өзгелер, екіжақты бақылау жүйесі жойылған", - дейді ол.

Гутерриш Ресей мен Батыстың арасындағы жанжал жақсылыққа апармайтынын алға тартты.

"Біз диалогтың қалпына келуі үшін барымызды салуымыз керек. Екі тараптың арасында өткен аптада болған шиеленісті тарқату керек", - дейді бас хатшы.

Абай-ақпарат

3 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1384
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2965
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1029
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 967