Дүйсенбі, 21 Қыркүйек 2026
4862 0 пікір 26 Сәуір, 2018 сағат 09:35

"Ата Мекен" лидері Текебаев отырған камерадан видеобақылау алынып тасталған

Қырғызстанда түрмеде отырған "Ата Мекен" партиясының лидері, экс-депутат Өмірбек Текебаевтың камерасынан видеобақылау алынып тасталған. Осылай деп Жазаны орындау мемлекеттік қызметі мәлімдеді.

Видеокамера 11 сәуірде, бұрынғы премьер-министр Сапара Исаковтың тікелей тапсырмасынан кейін алынып тасталған.

Өмірбек Текебаев отырған камерада видеобақылау орнатылғаны биыл, 29 қаңтарда белгілі болған. Жазаны орындау қызметі қауіпсіздік үшін орнаттық деп мойындаған. Бірақ құқық қорғаушылар бұл әрекетті айыптаған. Текебаевтың өзі мұны күндіз-түні өзіне бақылау жасау арқылы, психологиялық қысым көрсетіп жатыр деп бағалаған.

«Ата Мекен» партиясының лидері Өмірбек Текебаев пен Қырғызстанның Оңтүстік Кореядағы бұрынғы елшісі Дуйшенкул Чотонов 2017 жылдың ақпан айында Ресей кәсіпкерінен 1 млн доллар көлемінде пара алды деген күдікпен ұсталған.

Былтыр 21 қарашада Жоғарғы сот екі саясаткерді күшейтілген режимде 8 жылға соттау туралы аудандық сот шешімін күшінде қалдырған. Сотталушылардың өздері мұның саяси астары бар деп біледі.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1355
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2936
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1007
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 946