Жұма, 22 Қараша 2024
4076 0 пікір 26 Сәуір, 2018 сағат 09:53

Түрік кәсіпкерлері Ердоғанның Ташкентке сапарынан өзгерістер күтеді

Turkish President Recep Tayyip Erdogan (R) greets Uzbekistan President Shavkat Mirziyoyev upon his arrival for their meeting at the presidential complex in Ankara on October 25, 2017. / AFP PHOTO / ADEM ALTAN

29 сәуірде Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған мемлекеттік сапармен Өзбекстанға барады. Сапар аясында өзбек-түрік кәсіпкерлерінің бизнес-форумы өтеді.

Ташкенттегі Demir супермаркет желісі мен Grand Mir қонақ үйінің қожайыны Ахмет Демир Шавкат Мирзияев билікке келгеннен кейін, бұл елде кәсібін қайта бастаған санаулы түрік бизнесмені. Былтыр күзде Ахмет Демир Өзбекстанға қайта оралып, «Эски шахар» сауда-туристік кешенінің құрылысын салуға кірісіп кеткен.

"Өзбекстанда жағдай бірден өзгерді. Қазір кәсіпкерлерден ұлттық қауіпсіздік қызметі өкілдері "үлестерін" алмайды. Бұл – ең басты өзгеріс. Бірақ барлық проблема шешілді деп айта алмаймыз," – деген еді Ахмет Демир 24 сәуірде.

Өзге түрік кәсіпкерлері де Өзбекстанда өздеріне қолайлы жұмыс істеуге әлі де кедергілердің барын айтады. Олар Түркия президенті Ердоғанның келуі бұл мәселені шешеді деп үміттенеді.

"Егер түрік президентінің сапарынан кейін де, проблема шешілмесе, біз амалсыздан бұқаралық ақпарат құралдарына шығып, сұқбат беріп, бәрін айтуға мәжбүр боламыз. Біз – саясаткер емеспіз, біз – кәсіпкерміз. Істі саясиландырмай шешуді қалаймыз," – дейді ірі түрік компаниясын басқарушылардың бірі.

Үкімет басындағы шенеуніктің бірі журналистерге микрофонсыз жағдайды түсіндіруге тырысты.

"Былтыр "Өзбекинвест" ұлттық компанияның басшысы Рустам Азимов Түркияға ресми сапармен барға кезде, бірқатар түрік компаниялары Өзбекстанда зауыт және фабрика салу жөнінде бизнес-жобаларын ұсынған. Ташкент бұл бизнес-жобалардың бәрін қабылдап, біраз уақыт өткеннен кейін, бізге сәйкес келмейді екен деп, кері қайтарған. Бірақ шын мәнінде өзбек тарабы түрік кәсіпкерлерінен бұл бизнес-жобаны ұрлап, өздерінің аттарынан ұсынған. Өзбекстандағы олигархтар әлі өз монополияларын ешкімге бергісі келмейді", – деді шенеунік.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5303