Жұма, 22 Қараша 2024
4195 1 пікір 26 Сәуір, 2018 сағат 09:55

Түркіменстан президенті Орталық Азия басшыларының кездесу форматын өзгертуді ұсынды

Түркіменстан президенті Орталық Азия елдері басшыларының Кеңесін құруды ұсынды. Оның пікірінше, Орталық Азия басшыларының Кеңес беру алқасы деген жаңа ұйым жүйелі түрде, әр елдің астанасында өтіп тұру керек.

Түркіменстанның ресми басылымдарының жазуынша, Бердімұхамедов бастамасымен бесжақты эксперттік топ құрылу қарастырылып жатыр. Онда жаңа құрылатын Кеңестің құрылымы мен ұйымдастыру мәселелері талқыланады.

Түркімен президентінің бұл бастамасы Астанада Орталық Азия елдері басшыларының кездесуінен бір ай өткен соң көтерілді. Бұл кездесуге Бердімұхамедов өзі бармай, ұлы Сердар Бердімұхамедовті жіберген.

15 наурызда Астанада өткен Орталық Азия басшыларының бас қосуы бірінші кеңесу отырысы деп аталған. Бұл Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияевтің бастамасымен өткен. Соңғы бас қосуда Орталық Азия елдері басшылары жыл сайын Наурыз мейрамы қарсаңында кездесіп тұруға келіскен. Келесі бас қосу 2019 жылдың наурыз айында Ташкентте жоспарланып отыр.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5306